Шүлбі су қоймасына балықшының көлігі суға батып кетті

СЕМЕЙ. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей тұрғыны Шүлбі су қоймасына өзінің көлігін батырып жіберді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Төтенше жағдайлар басқарманың хабарлауынша, қалалық судан құтқару қызметіне 47 жасар азамат өтініш жасаған. Оның айтуынша Шүлбі су қоймасына балық аулауға барған ол, аңдаусызда өзінің «Митцубиси ? Делика» көлігін су астына батырып жіберген. Балықшы байқамастан ери бастаған мұзға шығып кетеді де, жүктің ауырлығына шыдамаған мұз жарылып машина су астына кетеді. Абырой болғанда балықшы көлігінен шығып үлгерген.Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтың өтінішін қабылдады, бірақ су табанынан техниканы алып шығу тек мұз толық ерігенде ғана мүмкін болмақ.