Швеция елі Финляндия мен Ресейден қасқыр импорттамақ

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат - Швед үкіметі елдің Ауыл шаруашылығы бас басқармасына «шығыстан - Финляндия және Ресейден - қасқыр импорттауға дайындалу» туралы тапсырма берді.

Елдегі қасқырларды генетикалық сауықтыру және олардың отандық өсіп-өнуіне «жаңа қан құю» мақсатында корольдікке сырттан 20 жыртқыш әкелінбек, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.