Бұл көрсеткіш қала тұрғындарының мың адамға шаққанда 5,21 адамға өсуін көрсететін Еуроодақ бойынша орташа көрсеткіштен үш есе артық. Швецияның ең жылдам өсіп келе жатқан қалалары - Мальмё (елдің оңтүстігі), Умео (солтүстік) және Стокгольм. Олардың халқы жылына 1 пайыздан артық артып отыр. Мальмё өсім қарқыны бойынша Утрех (Нидерланды), Никосия (Кипр), Брага (Португалия), Оулу (Финляндия) және басқа да бірқатар Испания қалаларын басып озды.
Швеция 2005 жылдан бері ЕО-да ірі қалалар халқының саны өсуі жағынан көш бастап келеді. Сонымен қатар урбанизация үдерісі Ирландияда, Испанияда және Грекияда іркіліп қалды. Швецияда 12 қалада 100 мыңнан астам адам тұрады. Сондай-ақ бұл ел ірі қалаларға да, ауылдық елді мекендерге де жатпайтын «аралық аймақтар» саны бойынша да алда келеді.