"Дағдарыс бұған дейінгі басымдыққа ие болып келген көптеген құндылықтардың аса дұрыс еместігін көрсетті. Қазір бүкіл әлем батыстық даму жолына балама іздеп жатыр. Шығысты да бір балама ретінде қарауға болады", -дейді кітап авторларының бірі профессор Сағади Бөлекбаев.
Философия ғылымы докторының айтуынша, Қазақстан дамудың бастапқы кезеңдерінде батыстық жолға бұрылып кеткен еді. Дағдарыс қазір бұл жолдың терістігін көрсетіп отыр. Бұл қаржылық-экономикалық дағдарыстан шығыстағы көптеген елдер жеңіл шығып жатыр. Сондықтан бұл мәселе жан-жақты терең зерттеуді қажет етеді.
16:36, 06 Қаңтар 2011
Шығыс-Батыс дилеммасындағы қазақстандық даму жолы' деп аталатын жаңа кітап шықты
АЛМАТЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың бір салдары бұрын басымдыққа ие болып келген Батыстағы кейбір құндылықтардың дұрыс еместігінде. Бұл туралы бүгін Алматыда 'Шығыс-Батыс дилеммасындағы қазақстандық даму жолы' деп аталатын жаңа кітаптың тұсаукесерінде айтылды.