Шығыс Қазақстан әкімі «Қазмырыш» басшылығының ұжыммен болған кездесуіне қатысты

Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Ағымдағы жылы «Қазмырыштың» алдында жаңа мыс өндірісін іске қосу және мырыш өндірісін қайта жаңарту міндеттері тұр.

Бұл жаңа өндірістер өнеркәсіпке қосымша құны жоғары қосымша өнімдер шығаруға мүмкіндік береді. Аймақ әкімі Бердібек Сапарбаев қатысқан кәсіпорын басшылығының ұжыммен кездесуінде осы және басқа да мәселелер сөз болды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

«Қазмырыш» - аймақтағы ең үлкен кәсіпорындардың бірі - оның бөлімшелерінде 20 мыңнан астам шығысқазақстандық еңбек етеді. Оған қоса, аймақта өндірілген өнеркәсіптік өнімнің жартысы - «қазмырыштықтардың» үлесі. Әкімнің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өңірдің ең ірі кәсіпорындары басшыларының өз ұжымдарымен өткізетін есептік кездесулеріне аймақ басшысы қатысады.

Ал «Қазмырыштағы» кездесуге келетін болсақ, өндіріс жөніндегі вице-президенті Хамит Жақыпов өнеркәсіптің өткен жылы атқарған жұмыстарына тоқталып өтті.

Х.Жақыповтың айтуынша, кәсіпорын 2009 жылы өнімнің бірде-бір түрі бойынша өндіріс көлемін азайтпай, 300 мың тоннадан астам мырыш, 80 тоннаға жуық қорғасын, 90 тоннадай алтын мен күміс өндірді. Жаңа өндірісті іске қосу тағы 700 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік бергелі отыр.

Аймақ басшысы «қазмырыштықтардың» жоспарларына қолдау білдіре келе, өнеркәсіптік өндірістің экологиялық мәселелеріне де назар аударды.