Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде оқушыларды ыстық тамақмен қамтамасыз ету, кәсіптік білімнің деңгейін арттыру, каникул кезінде оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.
Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына да тоқталып өткен Б.Сапарбаев, тест қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстанның елімізде үшінші орын алып отырғанын айтты. Ал облыстағы ең төменгі балл жинаған 50 мектептің 12-сі- Тарбағатай ауданында, 7 мектеп - Риддер қаласында орналасқан, бұл тізімде өскемендік екі мектеп бар. Мектептердің барлығы бірдей қаржыландырылып отырғанына қарамастан, осындай жағдайдың орын алып отырғанын атап көрсеткен аймақ басшысы, жергілікті әкімдер мен білім бөлімдерінің басшыларына егжей-тегжей талдау жүргізіп, аталған мектептердегі білім деңгейінің төмен болу себептерін анықтауды және кемшіліктерді жоюды тапсырды.
Тамыз кеңесінде сондай-ақ, кадрлардың жетіспеушілігі, педагогтардың кәсіби деңгейлерінің төмендігі сияқты өзекті мәселелер де сөз болды.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі бірқатар тапсырмалар берді, атап айтқанда, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін өткізу тәжірибесін жандандыруды, патриоттық тәрбие жөніндегі жүйелі жұмысты жолға қоюды міндеттеді. Оған қоса облыстың барлық аудандары мен қалалары, оқушылардың мәзірлеріне міндетті түрде бал мен ыстық сүтті қосу үшін, өз бюджеттерінде қаражат қарастырулары керек екендігі айтылды.
Кеңес қорытындысы бойынша мұғалімдерді марапаттау рәсімі өтті.