Шығыс Қазақстан әкімшілігі аязды қыстан зардап шеккен шалғай аудандарға көмек көрсетуге шақыруда

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Людьмила Малько/ - Облыс әкімінің бастамасымен Шығыс Қазақстанда шалғай жатқан аудандарға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кең ауқымды акция өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен демалыс күндері Өскемен және Семей қалаларынан дәрі-дәрмек, азық-түлік, мал азығы, техника мен жанар-жағар майы бар керуендер жөнелтілді. Қалың қар мен үскірік аяздардан зардап шеккен өңірлер қатарына Абай, Күршім аудандары, Семей қаласының Абралы ауылдық округы жатқызылды.

Әсіресе, мал қыстауы қиын өтіп жатыр. Қалың қардың кесірінен жануарлар тебіндеп жайыла алмайды. Абай ауданына Глубокое ауданының ауылшаруашылық құрылымдары 3 КамАЗ, Шемонаиха ауданы - 3 КамАЗ, Өскемен қаласы 2 КамАЗ қоспа жем жіберді. Семей қаласының өңірлеріне Өскемен қаласы жем-шөп тиелген 2 жүк көлік, Бородулиха ауданы 1 жүк көлік көмек жолдады.

Сондай-ақ, аталған өңірлерге Өскемен қаласынан 8 тонна жанар-жағар май және «Шығыс жолдары» АҚ бірлесе отырып мал қыстауларына апарар жолдарды тазалау үшін 3 трактор бағытталды.
Акция әлі де жалғасуда. Өңір басшысы қолынан келетіндердің барлығын шалғай аудандарға көмек көрсетуге шақырады.