Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы орман заңнамасының сақталуын тексеруде

ӨСКЕМЕН. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанның қадағалаушы органы «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватындағы орман заңнамасының қолданысын тексеруде.

Атап айтқанда,   орман ағаштарын   кесумен,  оларды   дайындаумен және  сатумен  айналысатын   барлық жеке және  заңды тұлғалардың    қызметіне назар аударылуда,  деп     хабарлады  прокуратураның баспасөз қызметінен.

Қазірдің  өзінде,   2008 жылы Семей  өңірінен   теміржол көлігімен   3 мыңнан  астам  вагонмен ағаш материалдары  жөнелтілгені анықталып отыр. Олардың жалпы салмағы  142 мың тоннадан  асады  немесе 175 мың  текшеметрді құрайды.    Сондай-ақ   кесілген  ағаштардың     жалған құжаттармен   шығарылған  фактілері  де анықталды.