Шығыс Қазақстан облысында 25 жасар азамат суға ағып кетті

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Глубоковское ауданында 2 маусым күні сағат 12.15-те Белоусовка кентіндегі геологиялық барлау кәсіпорны маңындағы көлде шомылып жүрген 25 жасар азамат суға батып кетті.

Бұл жайлы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Марқұмның денесі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД  судан құтқару қызметінің 4 маманы және 1 техникасының күшімен шығарылды.