АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 450 тонна дайын шөп өртеніп кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, өрт Бесқарағай ауданындағы «Айжан» шаруа қожалығында жұма күні түнде орын алған. Тілсіз жау облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен 5 сағаттың ішінде ауыздықталған.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.