Бұл туралы Өскеменнің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары Асқар Жақсылықов мәлім етті.
«Осыған орай облыс әкімдігінен 58 пәтер сатып алуға қаржы бөлінді. Бір - үшбөлмелі, бес - екібөлмелі, қалғаны - бірбөлмелі пәтерлер. Қоныс тойын тойлайтындардың қатарында - ешқашан өз баспаналары болмаған ардагерлер мен мүгедектер бар», - дейді А.Жақсылықов.
Айта кету керек, барлық пәтерлер орталыққа жақын жерде орналасқан, бұл ардагерлер үшін өте маңызды жайт. Кілттер мамырдың 7-сінде табыс етілмек.