АСТАНА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 7-ден бастап қарлы боран тұруына орай «Күршім-Қалжыр» және «Семей-Қарауыл» бағыттары бойынша барлық көлік түрлеріне жол қозғалысы жабылды.
Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, қаңтардың 6-сында көктайғақ пен боранның салдарынан Павлодар облысы бағытындағы жол қозғалысы барлық көлік түрлері үшін жабылған болатын. Ал қаңтардың 5-інде «Қарағанды-Павлодар» және «Қарағанды-Қарқаралы» бағыттары бойынша көліктер үшін жол қозғалысы жабылған еді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.