08:18, 07 Сәуір 2009
Шығыс Қазақстан облысында аудандық Ішкі істер бөлімінің аумағында артиллериялық оқтұмсық табылды
АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат- Шығыс Қазақстан облысында аудандық Ішкі істер бөлімінің аумағында артиллериялық оқтұмсық табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дүйсенбі күні облыстың Жарма ауданының Қалбатау ауылында аудандық Ішкі істер бөлімінің аумағында шаруашылық жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері сынық кірпіштердің үйіндісінің астынан артиллериялық оқтұмсық тауып алған. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында ол заттың оқу снаряды екені анықталады. Табылған «олжаны» «Арлан» арнаулы жасағының қызметкерлері алып кетті.