Ол қалалардың және аудандардың басшыларына аймақ тұрғындарының алдағы жаңажылдық мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуы үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін еске салды.
«Қалалар мен аудандар арасындағы жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтайды. Ал қалалықтардың мерекелік дастарқандарға арзан бағалармен азық-түліктер сатып алу мүмкіндігі дәстүрлі жәрмеңкелерде жасалады», - деді Б.Сапарбаев. Оларды өткізу тәжірибесі аймақ басшысының тапсырмасымен жалғасатын болады.