ҚР ТЖМ-ның ақпаратына сәйкес, сәрсенбі күні күндізгі сағат он бір жарымда «Өскемен-Зырян» автожолының 63-ші шақырымына 100 текше метр көлемде өздігінен қар көшкіні түсті. Автожол қардан дереу тазартылып, қозғалыс қайта жанданды.
Осы күні түскі сағат 15.00-де «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» автожолының 173-ші шақырымында тағы бір қар көшкіні түсті. Оның көлемі 400 текше метрді құрады. Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде.