Ал халықтың жұмыспен қамтылуының ағымдағы жылдың екінші тоқсанындағы жағдайына жүргізілген біржолғы зерттеу мәліметтері бойынша, жұмыссыздардың саны 50,6 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі аймақтың экономикалық белсенді халқының 6,6 пайызын құрап отыр. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің еңбек статистикасы бөлімінің бастығы Ольга Федорова мәлім етті.
Оның айтуынша, мұндай зерттеулер Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары бойынша тоқсан сайын жүргізіледі. Талдаулар - адам жұмыс істейді ме, жұмыс іздеп жатыр ма немесе жұмысқа кірісуге әзір ме - деген сияқты үш сауал бойынша жүргізіледі. Сондықтан да бұл мәліметтердің еңбек биржасында тіркелген жұмыссыздардың санынан айырмашылығы көп.