Жарма ауданында Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының тау-кен байыту кешенінің құрылысына тоқталған әкім, жоба қазақстандық және ресейлік инвесторлардың (СЭМЛ компаниясы, «АлтынАлмас» АҚ, «Полиметалл» АҚ) қатысуымен жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.
Жылына 2 млн. тонна алтынды руда өндіретін жобаның жалпы құны 80 млрд. теңге.
Әкімдік мәліметіне қарағанда, қазіргі күні жоба бойынша 1,3 млрд. теңге игерілген, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды дайындау, жалпы құны 1,5 млрд. теңгеге жабдықтар алуға дайындалу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру 2018 жылы аяқталады деп көзделуде.