Ведомствоның атап өтуінше, аталған шараның мақсаты облыс аумағындағы есірткі қылмыстарының алдын алу болып табылады.
Мәселен, іс-шара кезінде Өскемен қалалық ІІД Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері 24 жастағы қала тұрғынын 8 грамм есірткінің ең ауыр түрі героинмен қолға түсірді. Аталған азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабының 1-1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұтқындалған азамат 3-7 жыл аралығына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.