7, 9 және 13 жастағы үш баласы бар ерлі-зайыптыны Семей қалалық ауруханасының дәрігерлері тексеріп, үйлеріне жіберді.
Бұған қоса, осы демалыс күндері ТЖ қызметі үш рет апатты-құтқару операциясына барды. Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қарақожа ауылындағы ана мен баласын құтқарды. Бір жарым жасар қыздың температурасы жоғарылап, аппендицит болуы мүмкін деген күдік туды. ӨАЖҚЖ құтқарушылары ана мен баланы, сондай-ақ медициналық көмекке мұқтаж екі адамды жеткізді.