Шығыс Қазақстанда индустрияландыру күніне арналған іс-шаралар өтті

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Осынау шара аясында 2010-2011 жылдары индустриялық жобалар іске асырған «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Арматура зауыты» АҚ, «Қазмырышмаш» ЖШС, «Фаворит» ЖШС, «Kazfoam» ЖШС сияқты кәсіпорындардың өнімдер көрмесі өтті,

деп хабарлайды  рm.kz сайты.

Оған қоса, бизнес-консультациялар өткізілді, орта-арнайы оқу орындарының оқушылары «Қазмырыш» ЖШС-іне экскурсия жасады.

Индустрияландыру күнінің аясында сондай-ақ ҮИИД бағдарламасының жобаларына баспасөз-туры ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар Өскемен құс фабрикасында болды. Бұл кәсіпорын жаңа технологиялық жабдықтарды қолданудың арқасында еңбек өнімділігін жан басына шаққанда жылына 70 мың долларға дейін жеткізіп отыр. Бүгінгі таңда кәсіпорын 20 тоннадай тауық етін өндіреді.

Индустрияландыру картасының аясында Шығыс Қазақстан облысында жалпы сомасы 611,9 млрд. теңгенің 39 жобасы іске асырылуда. Аталған жобалар 22,2 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

2010-2011 жылдары облыста 154 млрд. теңгеден астам соманың 21 жобасы іске асырылды, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы мақсатындағы 9 нысан іске қосылды, кабельдер, жылу-сорғы қондырғылары, «Беларус-3022ДЦ.1» тракторлары, полиэтилен құбырлар, жылжымалы теміржол құрамдарына арналған тежегіш қалыптар, т.б. өнімдердің өндірістері игерілді. Бірқатар өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кешендерде жаңғырту жұмыстары жүргізілді.