14 қарашаға қараған түні сағат 00:05-те Жарма ауданы, «Өскемен-Алматы» автожолының 247 шақырымында 18 жолаушысы және 2 жүргізушісі бар автобус жыраға түсіп кетті. Зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар бағыттас көліктермен кеткен. Оқиға орнына 4 адам және 1 техникадан тұратын құтқарушылар бригадасы аттанды.
Сондай-ақ, сағат 04.50-де Аягөз ауданы, «Өскемен-Алматы» автожолының 247 шақырымында 38 жолаушысы және 2 жүргізушісі бар автобус жыраға құлап кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. ТЖ бөлімінің қызметкерлері (3 адам және 1 техника) адамдарды қауіпсіз аймаққа көшірумен айналысуда.