Сәуірдің 29-29-ы күндері Төтенше жағдайлар қызметі, әкімдіктер және жергілікті тұрғындар бірлесе әрекет етіп, бөгеттің бұзылуына жол бермеу жөніндегі барлық шараларды қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 28-інде түнде еріген қар суынан Лайлы су қоймасы арнасынан таси бастаған болатын. Келген су бөгеттің жобалық нормасынан асып кетіп, түнде су ауылдарға қарай аққан. Толқынның биіктігі 1 метрге дейін жеткен. Самарское, Көкжыра және Казнаковка селоларының тұрғындарын жедел көшірудің нәтижесінде қайғылы оқиғаның алды алынды.