Шығыс Қазақстанда су тасқынының үш толқыны күтілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Синоптиктер су тасқынының үш толқынын болжауда, ол өңірде наурыздың екінші онкүндігінде басталып, шамамен маусымның ортасына дейін жалғасуы мүмкін.

Құтқарушылар ШҚО-ның елді мекендерін су басқан жағдайға эвакуациялық комиссиялар ұйымдастырды, деп хабарлады YK-news.kz.

ТЖД өкілдері хабарлағандай, биыл қыста ШҚО-ның ірі бассейндерінде қардың жиналуы нормадан 30-60 пайызға асып түскен.

«Олардың ішінде Қара Ертіс, Қалжыр, Күршім, Бұқтырма, Тұрғұсұн, Оба және Үлбі  өзендері бар, - деп  хабарлады ШҚО ТЖД алдын алу бөлімінің бас маманы Константин Боровиков. -  Тасқындар кезінде өзен, су қоймаларындағы  су мөлшері  ұлғаятыны болжануда. Қаупті аймақта 110 елді мекен қалуы мүмкін, оларда 66 мың адам тұратын 18 мың үй орналасқан. Су басу аймағында, сондай-ақ 97 шақырым темір жол, 26 шақырым респбуликалық маңызы бар жол, 144 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар қалуы ықтимал».

Синоптиктердің болжамынша, биыл өңірде су тасқынының үш толқыны күтілуде.

«Бірінші толқын наурыздың екінші онкүндігінен сәуірдің екінші онкүндігіне дейін болатыны күтілуде, - деп атап өтті Константин Боровиков. - Екінші толқын сәуірдің екінші онкүндігінен мамырдың бірінші онкүндігінің аяғына дейін. Үшінші толқын мамырдың екінші онкүндігінен маусымның екінші онкүндігіне дейін жалғасуы мүмкін».