Бұл туралы "Экспресс К" газеті жазды.
Атап айтқанда, бұл кеселге Өскеменде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, ал Зырянда балабақшаның қызметкері шалдыққан.
Жұмысқа орналасар алдында оқытушылардың екеуі де рентген-кабинеттен өтті, бірақ ол кезде тексеру қалыптан ауытқу белгілерін таппады.
Ұзақ уақыт бойы науқас оқытушылардың жанында болған балалардың ата-аналары алаңдаулы. Қазір педагогтар, ата-аналар мен балалар жаппай тексеруден өтуде. Санитарлық режім енгізілді, кешенді алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.