Ведомствоның ақпаратына сәйкес, кеше Шығыс Қазақстан облысының Зырянов ауданында жеке тұрғын үйден өрт шыққан. 150 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын салдарынан күйік шалған және иіс тиіп уланған 4 адам, оның ішінде 2011 жылы дүниеге келген сәби ауруханаға жеткізілген.
Қызыл жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 6 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.