Шығыс Қазақстандағы барлық шіркеулерде рождестволық құлшылық ету рәсімдері өтті

ӨСКЕМЕН. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы барлық шіркеулерде рождестволық құлшылық ету рәсімдері болып өтті, ал таңертең облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Андреев шіркеуіне барды.

ШҚО басшысы шіркеуде Орыс православ шіркеуінің өкілі Митрофан әкеймен жолықты.

Түс кезінде Достық үйінде Рождество мейрамында әзірленетін тағамдардың көрмесі өтеді, ал одан кейін Рождество мерекесін тойлауға орай этномәдени бірлестіктердің үлкен концерті өтеді деп күтілуде.