Шығыс Қазақстанның құтқару қызметтері қар құрсауынан адамдарды құтқарып, техникаларды алып шығуда

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменнен Қалбатауға бүгін таңғы сағат 4-терде 11 автобустан және 40 шақты жеңіл және жүк көлігінен тұратын колонна келіп жетті,

деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, өткен тәулік бойы Семей қаласының құтқару бөлімшелері қар құрсауында қалып қойған адамдарды құтқарумен және техникаларды шығарумен айналысты. Семей құтқарушылары тәулік бойы жалпы есеппен 112 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді, 23 техниканы алып шықты.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде аймақта боранды ауа райы сақталады. Түнге қарай желдің екпіні 28 метр/секундқа жетуі мүмкін. Ал ауа температурасы түнде 9-25 градус аяздың аралығында болса, күндіз 3-18 градустың арасын көрсетеді.