Шығыс Қазақстанның медицина қызметкерлері Даниал Ахметовке ашық хат жазды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның медицина қызметкерлері облыс Әкімі Даниал Ахметовтің атына хат жазып, кадр тапшылығы өткір тұрған облыстық психиатриялық диспансерді жас кадрлармен қамтамасыз ету проблемасын шешуді сұрады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ашық хат жазуға жүргізілген әлеуметтік аудит түрткі болды, деп хабарлады сала мамандары атынан өтініш авторы, қоғамдық кеңестің сараптамалық жұмыс тобының төрайымы Татьяна Чернышева.

«ШҚО Қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау бойынша сараптамалық жұмыс тобы Сізден Семей қаласы Мемлекеттік медициналық университетінің түлектері  - жас мамандар үшін (балалардың психиатр-дәрігерлері) 6 млн теңге көлемінде «үстемеақы» бөлу, сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған психиатриялық қызметтерді бөлу мақсатында «Шығыс Қазақстан облыстық психиатриялық диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта құру мүмкіндігін қарастыруды сұрайды», - делінген хат мәтінінде.

Атап өтілгендей, ашых хат жазуға балалар психиатриясы саласында әлеуметтік аудиттің жүргізілуі және уәкілетті органның енжарлығы себеп болған.  Зерттеу нәтижелері аталмыш сала аса қанағаттанарлықсыз жағдайда екендігін және даму мен жаңғыртуды талап ететіндігін көрсетіп отыр.