Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында қар көшкіні қаупі бар

ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанның төтенше жағдайлар қызметтері қардың толассыз жаууына және қар қабатының тұрақсыздығына байланысты таулы аудандарда қар көшу қаупі туралы ескерту жариялады.

Қар көшкіні  туралы ескерту    желтоқсанның  25-і мен 27-сі  аралығын қамтиды.   Құтқарушылар    халыққа  тау бөктерлеріне    шықпауға  кеңес беріп  отыр.    Аймақтың арнайы  қызметтері  күшейтілген   қызмет режиміне  ауысты.