Сәрсенбі күні кешке, Семейге қызмет бабында іссапармен бара жатқан әкім Рымхан Мусин «жол апатына түсіп, ауыр зардап шекті», деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Жол-көлік оқиғасы Өскемен-Семей тас жолында болған. Қазір Рымхан Мусин жан сақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.