«Шығыс» разрезі - көмір өндіру саласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорын. Разрездің өндірістік қуаты - жылына 22 миллион тонна көмір шығару.
Бірінші жартыжылдықта «Шығыс» разрезінде он миллион тонна шамасында көмір қазылды, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жеті пайызға артық.
«Кеншілердің еңбегі ерекше құрметке лайық. Резрез ұжымы өз кәсіптеріне шын көңілімен беріліп, адал қызмет етеді, энергетика саласының нығайуына баға жетпес үлестерін қосып келеді», - деді салтанатты марапаттау рәсімінде «ЕЭК» АҚ-ның президенті Әбдуазим Рустамбаев.
Бүгін Екібастұз қаласында тойланып жатқан Шахтерлар күні «Шығыс» разрезінің алдыңғы қатардағы жүзден астам жұмысшысы ведомстволық марапатпен 18 млн теңге көлеміндегі сыйақыларға ие болады.