Шығысқазақстандық шекарашылар Ресейге есірткі әкетіп бара жатқан қазақстандық азаматты ұстады

АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - «Солтүстік» аймақтық басқармасының «Семей» жеке бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары «Жезкент-авто» өткізу бекетінде Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.

Өзінің жеке көлігімен Ресейге кетіп бара жатқан әлгі азаматтың көлігін иісшіл иттің көмегімен тексеру кезінде жүк салатын жерден 2,5 келідей марихуана табылды.

«Ұсталған азамат Бородулиха аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің қолына берілді», делінген ведомствоның хабарламасында.