Мұндай топтар қар суынан туындайтын төтенше жағдайдың алдын алу, су басу қаупі бар аймақтарға шығып, қар тазалауға қол ұшын беру жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады «Нұр Отан» ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалынан.
«Жасотандықтар жыл сайын туындайтын табиғат апаттарының бірі еріген қар суынан туындайтын зардаптарды жоюда бірінші кезекте ерікті азаматтардың белсенділігі мен қол көмегін беру секілді адами құндылықтар еліміздегі әрбір жастың парызы деп санайды», - делінген хабарламада.