Жиынға қатысушылар коалицияны құруға қолдау білдіретіндерін мәлім етіп, Қазақстан жұртшылығына үндеу қабылдады.
«Алдағы онжылдықта біздің елімізді жаңа маңызды міндеттер күтіп тұр. Біз Отанымызды гүлдендіру жолында Елбасымызға қолдау білдіруіміз және 2020 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыруға белсенді атсалысуымыз керек», делінген Үндеуде.