«Ескі қала» аталатын тарихи ауданда ежелгі қамал орналасқан. Қала жұртшылығы 10 жылдан бері осы аудандағы құрылыс базарларын (жалпы алаңы 6,7 га 103 жер учаскесі) бұзу мәселесін көтеріп келеді.
«Басқа жерге көшуге әзірленіңіздер. Бұл мемлекеттің құндылығын көрсететін тарихи орын. «Ескі қаладағы» сауданы мұндай күйде қалдыра алмаймыз. Дағдарыс кезі екенін білемін. Бірақ бір жолын қарастырыңыздар. Ауданды тазалау жұмыстары көктем, жазда жүргізіледі. Шешімді әрекетке көшетін уақыт келді, - деді Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахманов сауда нысандарының иелерімен кездесу барысында.
Ол кәсіпкерлерге балама ұсынды. Сүрілген базарлар немесе сауда орындарына ақшалай өтемақыға, мысалы, бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалған «Ордабасыдан» орын алуға болатынын айтты. Бұл ретте ол жаңа орынды бизнесмендердің өздері таңдайтынын да атап өтті.
12:18, 05 Наурыз 2017
Шымкент билігі ескі қаланы сауда нысандарынан тазалауға кірісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент билігі қаланың тарихи ауданы аумағын заңсыз салынған дүңгіршектер мен құрылыс базарларынан тазалауға кірісті, деп жазды otyrar.kz.