Шымкент қаласында шенеуніктердің қателігінен зейнеткер әйелді қайтыс болғандар тізіміне қосып жіберген

ШЫМКЕНТ. 7 маусым. ҚазАқпарат - Шымкент тұрғыны 71 жастағы Эмма Степанова «өз өлімі» туралы кездейсоқ білген.

Әйел адам құжаттарын ресімдемек болып нотариусқа барады, алайда ол жерде әйелге оның мәліметтер базасында қайтыс болғандар тізімінде тұрғаны хабарланған. Э.Степанова болса жұмыс істейді әрі зейнетақы алады.

Анықталғандай, бұл қателік 2000 жылы кеткен. Көші-қон полициясы басқарма бастығының орынбасары Хадиша Баймұқашеваның айтуынша, Э.Степанованың құжаттары мәліметтер базасына қате түскен. Мұндай қатеге кінәлі адамдар анықталуда. Шенеуніктер 2 күн ішінде аталған жаңсақтықты түзетуге уәде берді.

Эмма Степанова прокуратураға шағымданды. Ол келтірілген моральдық нұқсан үшін өтемақы талап етпек.