Шымкент қаласының маңындағы Қайнар бұлақ саяжайында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты. Жалпы көлемі 100 шаршы метр болатын жалын үйдің шатырын түгел шарпыған. Сондай-ақ, үй ішіндегі заттар да толығымен өртенген. Өрт сөндірушілер 50 литр газ баллонды қауіпсіз жерге алып шықты.
«Өрт сағат 10:11-де оқшауланып, сағат 10:51-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 16 қызметкері мен 3 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.