«Жаңа су жинағыш-тоған құрылысын салу ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес салынып жатқан Көксарай су тоспасының су жайылу аймағындағы ескі Ақдала тоғанынан судың ағуына байланысты болып отыр», - деп хабарлады «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс департаменті.
Қазіргі сәтте Шымкент мұнай-өңдеу зауыты су жинағыш-тоған құрылысының техникалық жобасы бойынша жұмыстарды аяқтады.