Шымкент пен Теміртауда кенет ағаштар гүлдей бастады

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қыркүйек айында Шымкент пен Теміртауда күтпеген жерден ағаштар гүлдеді, деп хабарлады КТК арнасы.

Қарағанды облысында жұпаргүлдердің 3 сабағы бүршік жарды. Жергілікті тұрғын Любовь Займиди өз пікірімен бөлісті: «Біз шынымен де таңғалдық! Қызымның тіпті аузы ашылып қалды». Әйел мұны табиғаттың нағыз таңғаларлық құбысы деп санайды.

Оңтүстік Қазақстанда алма ағашы гүлдеді. Телеарна атап өткендей, соңғы кезде мұндай құбырылыс сирек кездеспейді. Өсімдік мамандарының сөзіне қарағанда, себеп құрғақшылықтан ағаштың бойындағы ауытқушылықтан немесе ылғалдылықтың артуынан болуы мүмкін. Халық ырымдарына сәйкес, алма ағашының қайта гүлдеуі - күз мезгілінің құрғақ әрі жылы болуының белгісі