Шымкент тұрғыны өзінің туған анасын өлтірді

ШЫМКЕНТ. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Шымкент тұрғыны өзінің туған анасын өлтіруде күдікті. Күдікті ер адам полицейлерге алдымен анасының қайғылы оқиға салдарынан мерт болғанын айтты. Алайда кейін туған анасын өз қолымен өлтіргенін айтып, мойындады.

Тергеушінің сөзіне қарағанда, әйелдің денесінен ұрып-соғудың көптеген белгілері табылды. Шымкенттің тұрғыны мәлім еткендей, оның анасы ішімдікке құмар болған. Ашуға булыққан ұлы осылайша анасын «жазаламақ» болған.

Полиция қызметкерлері ер адамның үстінен ҚР ҚК-нің 96 бабы бойынша (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғады. Ол бұл ауыр қылмысы үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылуы әбден мүмкін.