Оқиға 4 сәуір күні кешкі 17:40 шамасында болған.
Маймылдарды тамашалап тұрған отбасының кішкентай қызы вольердің шыны әйнегін таспен ұрып сындырған. Ата-анасы болған жағдайды көре тұра ешкімге ескертпей кетіп қалған. Аталған жағдай бойынша зообақ ұжымы, мемлекет мүлкіне зиян келтірген отбасыға іздеу салып, полицияға жүгінген.
Ал, сынған әйнекті Шымкент қаласындағы «Asia Trafo» зауытының басшылығы қалпына келтіріп беретіндігін жеткізді. Оқиғаны әлеуметтік желіден көрген кәсіпорын басшылығы өз көмегін ұсыныпты.
«Қыздың ата-анасы зообақ әкімшілігіне келіп, болған жағдай үшін өз өкініштерін білдіріп, кешірім сұрады. Жазылған арыз-шағымды зообақ әкімшілігі қайтарып алды» делінген ЗООбақ әкімшілігі тарапынан таратылған ақпаратта.