480 пәтерге есептелген үйлерді қазан айында тапсырады. Оларға Оңтүстік Қазақстан облысының алты ауданындағы 17 елді мекеннің тұрғындарына көшу ұсынылған.
«Бұл елді мекендер экономикалық болашағы жоқ деп танылған. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында «Еңбек қорларының жұмылдырылуын көтеру» бағыты бар. Бұл бағыт бойынша адамдарға облыс орталығына көшіп, ол жерден жұмыс табу ұсынылуда», - деді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Любовь Макашева.
Көшуді шешкен азаматтар шығындарды төлеуге арналған қаражатты да алады. Отбасы иесіне шамамен 40 мың теңге, отбасының әрбір мүшесіне - шамамен 24 мың теңге бөлу қарастырылған. Жұмыспен қамту бөлімінің мәліметтерінше, Шымкентке көшу шешімін 170-ге жуық отбасы қабылдады. «Егер көшуге ниеттенген 480 отбасы жиналмаса, қалған пәтерлерді Шымкенттің еңбек етуге жарамды тұрғындары арасында бөлуге құқығымыз бар», - деді Л.Макашева.
Ол сондай-ақ бұл пәтерлерді ала алатын азаматтардың санаттарын айтып өтті. «Оған жұмыссыздар, өз бетімен жұмыс істейтін және еңбек етуге жарамды тұрмысы төмен азаматтар, квота бойынша келген оралмандар жатқызылады. Әрі басты талап - олардың табыстары бір отбасы мүшесіне бүгінгі күні 14 776 теңгені құрайтын күнкөрістің төменгі шегінен аспауы тиіс», - деді Л.Макашева. Шымкент тұрғындарына көшу үшін төлемдер қарастырылмаған.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша үйлер республика бюджетінен (1 млрд. 100 млн. теңге) бөлінген қаражатқа салынуда.