Шымкентте 126 отбасы пәтерлі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласының «Нұрсәт» шағын ауданындағы қоныс аударушыларға арналған 63 пәтерлік көпқабатты №130 және оған қоса №135 А, №135 Б, №135В үйлерге әлеуеті төмен елді мекендерден келген және балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қоныстандырылды.

Бұл туралы ОҚО әкімдігінен хабарлады. Бағдарлама аясында салынған үйге Қазығұрт, Бәйдібек, Түлкібас, Төлеби, Отырар, Сайрам, Ордабасы, Шардара, Мақтарал, Сарыағаш аудандарынан және Түркістан, Кентау, Арыс және Шымкент қаласынан Бағдарлама талаптарына сәйкес 126 отбасыларға пәтерлердің кілттерін облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев табыс етті. Олардың 17-і әлеуеті төмен елді мекендерден және 109-ы балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Қоныс аударғандардың еңбеккке қабілеттілері Шымкент қаласының кәсіпорындары мен мекемелеріне жұмысқа тартылады, олар үшін бос жұмыс орындары дайын. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына 2013 жылы енгізілген өзгерістерге байланысты, бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қоныс аударуға 29 жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілерінің, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бар. Осыған орай, Бағдарлама шеңберінде олардың өтініштері қаралып, Бағдарламаның талаптарына сәйкес келген балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бағдарламаға қатыстырылды.