Шымкентте 17 жастағы алаяқ бойжеткен ұсталды

ШЫМКЕНТ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкент полицейлері бірнеше пәтерді үптеп кеткен 17 жастағы алаяқ бойжеткенді ұстады, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінен.

Қала тұрғындарынан біртектес арыздар түсе бастағаннан кейін полицейлер алаяқ қылмыскерді іздеуге кірісті. «Әлгі бойжеткен ересектер үйде болмаған кезде келіп, балаларға өзін «мен коммуналдық қызметтің тексерушісімен», деп таныстырып, олардан түбіртектерді көрсетуді сұрайтын болған. Бала түбіртектерді іздеп жатқан кезде, алтын бұйымдар мен ұялы телефондарды ұрлап кеткен», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Тәртіп сақшылары бойжеткенді қамауға алды. Алаяқтықты кәсіп еткен әлгі бойжеткен не оқымайтын, не жұмыс істемейтін болып шықты. «Алаяқтың Шымкенттің 8 тұрғынын тақырға отырғызып кеткені анықталып отыр. Бірақ тергеушілер тоналғандардың саны одан да көп екендігіне сенімді, адамдардың бәрі полицияға арызданбаған. Біз тұрғындарды қырағы болуға шақырамыз», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Бойжеткеннің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-ші бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды және одан «ешқайда кетпеу туралы» қолхат алынды.