Шымкентте 200 абонент газсыз қалып отыр - ҚР ТЖМ

ТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Шымкентте 200 абонент газсыз қалып отыр, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Осыған дейін хабарланғандай, оқиға 19 қазан, сәрсенбі күні кешқұрым, Абай ауданы Қызылжар кентінің Ахунбабаев көшесінде болды. «HOWO» автокөлігінің диаметрі 57 мм-лік қысымы жоғары газ құбырына соқтығысуынан жекеменшік сектордағы 2 165 абонент көгілдір отынсыз қалды.

20 қазандағы 19.00. сағаттағы жағдайға шаққанда 1965 абонент газбен қамтамасыз ету желісіне қосылды, қалған 200 абонент бүгін жалғанады.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюмен ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД-ның жеке құрамының 14 адамы мен 3 техникасы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның 25 адамы мен 5 техникасы айналысуда.