Шымкентте 3 жасар қыздың өліміне қатысты күдікті қамауға алынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте 3 жасар қыздың өліміне байланысты күдікті, оның көршісі қамауға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыдан 3 күн бұрын қаламызда қайғылы оқиға болды. Аулада ойнап жүрген 3жасар Кәусар әкесінің артынан барамын деп өздерінің көршісімен бірге әкесіотырған жаққа жүреді. Қоршауды секіріп өтпекші болып, кішкентай Кәусардыжетектеген көршісі оны қолынан түсіріп алады. Талып қалған сәбиді көріп, қорқыпкеткен көршісі кішкентай сәбиді сол жерде қалдырып кеткен. Қылмыс жасағаназаматқа қатысты іс қозғалып, қамауға алынған. Ол сөзсіз жауапқа тартылады», -деп жазды қала әкімі Instagram-дағы парақшасында.

Осы орайда Ғабидолла Әбдірахымов іс-сапардан келісімен оқиға орнына барып,мән-жайдың барлығын анықтағанын атап өткен.

«Кәусарға қатысты ешқандай зорлық жасалмаған. Кәусардың ата-анасына көңілайттым, сындарлы сағатта бекем болуға шақырдым. Кәусардың жатқан жері жарықболып, Алла алдынан жарылқасын! Әр бала біз үшін қымбат. Сәбилеріміздіңқауіпсіздігіне бәріміз жауаптымыз. Құрметті қала тұрғындары, балаларымыздысағат сайын бақылап қадағалап жүрейік! Әкімдік және қала полициясы тиістіжұмыстарды күшейтеді. Бүгін осы мәселе бойынша арнайы жиналыс өткізіп, тапсырмаберемін», - деді Шымкент әкімі.

Бұдан бұрын 3 жасар қыздың неден қайтыс болғаны анықталған еді.

Еске салайық, Шымкентте үш жасар қыздың мәйіті табылған шағын аудандардыңбірі қоршауға алынған болатын.


Соңғы жаңалықтар