Шымкентте 5 адам көліктің жыраға түсіп кетуінің салдарынан қаза тапты

ШЫМКЕНТ. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шымкентте бүгін таңертең ерте бес адам көліктің жыраға түсіп кетіп, аударылып қалуының салдарынан қаза тапты.

Көлікте 21-22 жастағы алты адам отырған. Олардың бесеуі қаза тауып, біреуі облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің мәліметтеріне қарағанда, оның жағдайы мүшкіл, операция жасауға дайындық жасалып жатыр. Емделуші сүйек сынықтары жылжыған сан жілігінің жабық сынығымен және көптеген соғылған жарақаттарымен жатқызылды.