Шымкентте алғаш рет азық-түлік өнеркәсібінің халықаралық көрмесі өтеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте алғаш рет азық-түлік өнеркәсібінің халықаралық көрмесі өтеді.

25 және 26 қарашада Шымкент пайдалы шарттарға арналған алаңға айналады. Бұл күндері қалада «AgroProm Shymkent» ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібінің халықаралық көрмесі өтеді. Бірнеше сектор жұмыс істейді. Осылайша, Agro бөлімінде жылыжайлар, ауыл шаруашылығы техникасы, жабдықтар, мал шаруашылығымен айналысатындардың, құс өсірушілердің және бағбандардың жетістіктері көрсетіледі.

Food секторында азық-түлік, сусындар, қондырғылар мен қаптау материалдарының жетекші өндірушілері өз өнімін қояды.

Үшінші Horega бөлімінде көрмеге қатысушылар ас үйіне арналған және сауда жабдығын, сауданы автоматтандырудағы жаңа зерттемелерді бағалай алады.