Оңай олжаға әбден дәніккен тонаушылар, Шымкент Ішкі істер департаментінің Абай полиция бөліміне әйелдерден ондаған арыз түскеннен кейін, басталды. Жәбірленушілердің айтуынша, бірнеше жас жігіт олардың мойындарынан алтын алқаларын жұлып алып, оқиға орнынан нөмірі жоқ «БВМ» көлігімен қашып кетіп отырған.
«Жәбірленушілер қылмыскерлердің бәрін бірдей суреттеді. Олар бойлары - 170-175 см, жастары 20-25-тің шамасындағы, азиялық нәсілді жігіттер болған. Осы белгілер бойынша криминалистер олардың фотороботтарын жасап, күдіктілер туралы барлық мәліметтер барлық қалалық ішкі істер бөлімдеріне таратылды», - деп хабарлады ОҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Нәтижесінде, полицейлер шымкенттік төрт жігіттің ізіне түсті. Кезекті тонаудан кейін оларды патрульдік полиция полкының қызметкерлері «Алаш» базарының маңында қолға түсірді. Тергеушілер олардың осындай 20 қылмысқа қатысын дәлелдеп отыр.
Қамауда отырған олардың үстерінен қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 178-ші бабы бойынша («тонау») қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар: автокөлік пен алтын бұйымдар тәркіленді.