Жағалаудың 3 шақырымы жаңа кейіпке енеді. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жобаның байқау құны 1746,2 млн. теңгені құрайды. Межеленген жұмыстар биылғы жылдың қараша айында тәмамдалмақ.
Жергілікті шенеуніктер діттелген жұмыстар аяқталған соң Бадам қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналатынына сенімді. Өзеннің арнасын тазарту да көзделген. Жоспар бойынша 25 каскад салынады. Олардың тереңдігі 1-3,5 метрге дейін жетпек.
Бүгінде өзен арнасынан жарамсыз топырақ шығарылды. Айта кеткен абзал, бұл жобаға жеке инвесторлар қызығушылық танытып отыр.